АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Атырау тұрғындарын жергілікті мұнай өңдеу зауытында жанған от қорқытты. АМӨЗ оқиғаға қатысты пікір білдірген.
"17 мамыр күні сағат 18:40-та компрессордың тоқтауы салдарынан жанармай газы факелге түсті. 20:36-да компрессор іске қосылды. Газдың қайта жанармай жүйесіне беріліп отыруы реттеліп жатыр", — деп түсіндірді кәсіпорын.
Бірақ шыққан түтін адам денсаулығына зиян емес көрінеді.
Қазір экологиялық қызмет зерттеу жүргізіп жатыр. Ал кәсіпорын басшылығы қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.