Экономика

Стив Возняк "Apple" компаниясының қалай дүниеге келгенін айтып берді

© Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуapple
apple - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Global Challenges Summit 2018 XI Астана экономикалық форумының панельдік сессиялары өтіп жатыр

АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. "Apple" компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк ір компанияның іргесі қалай қаланғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Стив Возняк адамдардың өмірін жеңілдету үшін инженер-электроншы болғанын айтты. 

Микросхема. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Көздегі интернет, сөйлейтін чип". Алдағы 30 жылда не болады?

"Мен бала кезімде өз компаниясын құрған жас инженерлер туралы кітап оқыдым. Менің әкем де электроншы-инженер болды. Бір күні әкемнен "электроншы-инженерлер немен айналысады? деп сұрадым. Ол маған "біз адамдардың өмірін оңайлату үшін жаңа қосымша әзірлейміз, мәселен, кір жуғыш машиналар.  Әкемнің осы сөзі маған қатты әсер етті. Сол сәттен бастап мен де адамдарға пайдалы әрі қажетті дүниелер шығарғым келді", — деді ол панельдік сессияда. 

Америкалық өнертапқыш бала кезден математика, ғылым саласында жақсы нәтижелер көрсеткенін айтты. 

"Ол кезде біз цифрландыру не екенін білген жоқпыз, тіпті мектептер мен институттарда компьютер тапшы заман еді. Менде ынта-жігер болды, адамардың өмірін жеңілдететін нәрсе жасауды армандадым. Сөйтіп, кішкентай чиптерден қалай үлкен компьютер жасап шығаруға болады деп ойландым. Сол уақытта кез келген компьютерді екі жыл ішінде жобалап шығаруға болатынын түсіндім. Бір күні әкем болашақта үйден де қымбат компьютер шығады деді. Ол кезде бұл тек арман ғана болатын. Әлемдегі ең танымал гаджеттердің өндірісімен айналысқан кезде, компьютерлік клуб құрдым. Ондағы мақсат дизайнымен өзім айнлысқан видеоойындардың қалай жұмыс істейтінін түсіну еді. Кейін алғашқы университет желісін құруға бел будық. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін ақшамыз болған жоқ, бәрі де қуатты компьютер жасап шығарғысы келген қарапайым адамдар еді", —деп еске алды Возняк.

АЭФ-2018 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Фотодерек: Стив Возняк Астанадағы форумда ерекше аяқ киіммен көзге түсті

Америкалық программист осы кезеңде Стив Джобспен танысқанын айтты. 

"Біздің командаға Стив Джобс қосылды. Мен оны компьютерлік клубқа да шақырдым. Стив компьютерлерге қызығушылық танытты, "неге біз компания құрмаймыз? бизнесті одан әрі дамыту үшін ақша табуымыз керек" деді. Мен өте әділ болатынмын, бұл идеяларды Hewlett-Packard-қа сатуды ұсындым. Өйткені олар бес есе жылдам жұмыс істейтін алғашқы дербес компьютер жасай алатын еді. Бірақ Стив осы бизнесті бастап, біз Apple компаниясын құрдық"-деді компания негізін қалаушы.


Жаңалықтар
0