АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк Global Challenges Summit атты Астана экономикалық форумына келді.
Шараға спикер ретінде қатысып жатқан Возняк ерекше спорттық аяқ киім киіп келіпті. Елордалық қатал климаттан бейхабар америкалық бағдарламашы шұлық киюді ескермеген екен. Ал Астана әлемдегі ең суық қалалардың бірі екенін дәлелдеді: 17 мамырда ауа температурасы небәрі алты градус жылы.
Үш күндік форум елордамызда бейсенбі күні басталды. Бағдарламаның негізгі тақырыбы: экономикалық даму мен ресурс тұрақтылығы, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру және қаржы революциясы, жаһандық қауіпсіздік пен мәдени даму.
© Sputnik / Болат ШайхиновАстана экономикалық форумы
Астана экономикалық форумы
© Sputnik / Болат Шайхинов