Өңірлер

Шымкентте жалаңаш қыз жолдың ортасында биледі

CC0 / / Жол бойында тұрған қыз, иллюстративті фото
Жол бойында тұрған қыз, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Биші" қыз шешініп тастап, автокөліктердің жүруіне кедергі келтірген. Куәгерлер болған оқиғаны смартфонның камерасына түсіріп алған

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Шымкенттегі көшелердің бірінде жалаңаш қыз жолдың қақ ортасында биледі, оны куәгерлердің бірі камераға түсіріп алған. Видео Instagram-дағы shock_krg тобында жарияланды.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-да көшеде тыр жалаңаш қыдырып жүрген бойжеткен видеоға түсіп қалды

Қыз жолға шығып, шешініп билей бастайды. Содан кейін бірдеңе деп айқайлап, автокөліктердің капотына тұра ұмытылған. 

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді.  

"Кезекші бөлімге қоңырау түсті, оқиға орнына жол-патрульдік полициясының экипажы аттанды. Қыздың ерсі қылығын ескеріп, полицейлер оны  психоневрологиялық диспансерге тексеруге алып келген. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екені анықталды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Көп ұзамай қыздың туыстарына хабар берілді, олар оны ауруханадан алып кеткен. Отбасы қандай да бір тексерістен өтуден бас тартты.  


Жаңалықтар
0