Өңірлер

ШҚО-да көшеде тыр жалаңаш қыдырып жүрген бойжеткен видеоға түсіп қалды

CC0 / / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы немесе ол 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Көшеде емін-еркін жалаңаш қыдырып жүрген қыз түсірілген видео мессенджерлер арқылы жылдам тарап жатыр. Бойжеткеннің бұл қылығы полицияның назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды YK-news.kz.

Жалаңаш ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Рудный қаласында ер адам тыр жалаңаш серуендеп жүрген

Тұрғындардың айтуынша, видео 23 сәуірде Зыряновтағы көшелердің бірінде түсірілген. Бойжеткеннің үстінде ішкі киімнің бірі ғана бар, есесіне қолына сөмкесін ұстап алған. Ролик авторлары қыз ішіп алып, еш қымсынбастан қыдырып жүр деген болжам жасайды.

"Видеожазбаны біздің мамандар зерттеп жатыр", — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.  

Полиция мұндай қылықты ұсақ бұзақылық деп тауып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуы немесе 10 тәулікке дейін қамауға алуы мүмкін.

Жаңалықтар
0