АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Рудный қаласы тұрғындарының бірі тыр жалаңаш жүрген ер адамды камераға түсіріп алыпты.
Жалаңаш ер адам "Әсия" дүкенінің қасынан өтіп бара жатқанда, оны автокөлікпен кетіп бара жатқан қыз-жігіт көріп қалған екен.
Видео әлеуметтік желіге жарияланып, интернет қолданушыларының қызығушылығын тудырды.
"Ер адам ипотекасын төлеп, үйіне қайтып бара жатқан ғой", — деп қалжыңдайды Александр Дайтхе.
Sputnik Қазақстан агенттігіне Рудный ҚІІБ хабарлағандай, ер адам құқық қорғау органдарының камерасына түспеген, сондықтан оның кім екенін анықтау мүмкін емес.