АСТАНА, 30 сәуір — Sputnik. Рудный қаласында тұратын зейнеткер әжей көшеде ит жегілген арбаға мініп жүр. Желі қолданушылары интернетке осы бір ерекше бейнежазбаны жариялаған екен, қазір де роликті жүз мыңнан астам адам тамашалапты.
Бейнежазбадан көріп отырғаныңыздай, әйел адам иттерді оп-оңай басқарады. Иттер де әжейдің айтқанын екі еткізбейді. Желіде қостанайлықтар әжейдің тапқырлығын мақтап, таңдай қағысып жатыр.