Қоғам

Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

© Sputnik / Владислав Водневтеңге
теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы жаңа жәрдемақы алады. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға бірінші топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын 18 жастан асқан адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу нормалары бекітілді", — деді Әбілқасымова. 

Бұл жәрдемақыны 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі биылғы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Мемлекеттік жәрдемақы оларға өмір бойы төленеді. Маңыздысы  — әйелдің мүгедек баласына күтім жасаған жылдары зейнетке шыққанда еңбек өтіліне қосылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Биыл бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Айта кетсек, бүгінгі таңда бала кезден бірінші топтағы мүгедек адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері — 54 306 теңге. 

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңға енгізілетін түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірдей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта әлеуметтік қызметкерлерге арналған жаңа біліктілік талаптары, медициналық стандарттар мен медициналық мекемелердің стандартты ережелері талап етіледі.


Жаңалықтар
0