Саясат

Астана-9: кепіл елдер қандай келісімге келді?

© Sputnik / Болат ШайхиновСириялық келіссөздер
Сириялық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Сирия бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды аяқталды, жалпы отырыста кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия ортақ мәлімдеме жасады

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Ортақ мәлімдемеде Кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия Сирияның егемендігі мен аймақтық біртұтастығын толыққанды қолдайтындықтарын растады.

"Бұл қағидалар жалпыға ортақ. Астаналық процестің жетістіктеріне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген әрекеттен аулақ болуға тиіспіз", — деп сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев кепіл елдердің мәлімдемесін оқыды.

Сонымен бірге, 2017 жылы 4 мамырда қабылданған Сирияда деэскалация аймағын құру туралы меморандум мен астаналық алаңқайда қол жеткізілген басқа да келісімдердің маңыздылығы аталып өтті. Елдер меморандумға қол қойылғаннан бері бір жыл ішінде аймақтардағы ахуалдың қалай өрбігенін қорытындылады.

Сирия бойынша келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сириялық оппозиция келіссөздердің Астанада жалғасуын қалайды

"Қарулы қақтығысты тоқтату режимін нығайтуда, зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуде, Сириядағы ахуалдың жалпы тұрақтауында деэскалация аймақтары негізгі рөл атқарады. Бұл аймақтардың құрылуы уақытша шара және Сирияның аймақтық біртұтастығы мен бірлігіне, тәуелсіздігіне ешқашан қол сұқпайды", — делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, бейбіт өмірді қалыптастырып, бүкіл Сирия халқына жәрдем беру бойынша ат салысуды күшейту қажеттігі аталып өткен.

Кепіл елдер Сириядағы терроризммен күресті әрі қарай жалғастыра бермек.

"Жұмыс тобының келесі отырысын Анкарада 2018 жылы өткізуге келістік", — делінген құжатта.

Сөз соңында Иран, Ресей және Түркия Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ел билігіне Астанада Сирия бойынша жоғары деңгейлі халықаралық тоғызыншы кездесуді өткізгені үшін алғысын білдіріп, келесі келіссөздердің 2018 жылы шілдеде Сочиде өтетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0