АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Сирияның қаруланған оппозициясы сириялық реттеу бойынша келіссөздерге тек Астанада ғана қатысатындығын мәлімдеді.
"Келіссөздердің тек Астанада ғана жүргізілгенін қалаймыз. Басқа жерге бармаймыз", — деп мәлімдеді сириялық оппозиция делегациясының басшысы Ахмед Тоама жалпы отырыста.
Астанада 14-15 мамыр күндері Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды өтті.
Қорытынды бойынша ортақ мәлімдемеде кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия келесі раундтың биыл шілде айында Сочиде өтетінін айтқан.