Әлем

Анасының сөзіне өкпелеген бозбала оның көзінше өзін өлтірді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСтресс. Архив
Стресс. Архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сынақтан өте алмаған түлек анасының сөзіне ашуланып, өз-өзіне қол жұмсаған

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Әзербайжанның Сумгайыт қаласында емтихан тапсыра алмаған түлек өз-өзіне қол жұмсады.

Полицей көлігінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады

17 жастағы бозбала өз үйінің бесінші қабатынан секіріп кеткен.

Тергеу барысында суицидтің күндіз сағат төрт шамасында болғаны анықталды. Емтиханда оқу орнына түсуге қажетті балл жинай алмаған оқушыға үйге келгесін анасы ұрысқан. Анасының сөзіне ашуланған ол жанжал кезінде балконға шығып, секіріп кеткен.

Бұл факті бойынша Әзербайжанның қылмыстық кодексінің 125-бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Sputnik Әзербайжанға Сумгайыт қаласының прокуратурасы.

 

Жаңалықтар
0