АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. ШҚО-ға қарасты Тарбағатай ауданында 25 тұрғын көрші ауылға жерлеу рәсіміне барып, үйлеріне қайта алмай, төтенше жағдай қызметіне жүгінген.
Тұрғындардың Тарбағатайдың Есім ауылына Қарғыба өзені арқылы ғана қатынауға мүмкіндігі бар. Олар тасып жатқан өзеннен трактормен өтпек болған. Алайда трактор су ортасына келгенде, жүрмей қалған. Жолаушылар арғы жағаға жаяу шығуға мәжбүр болады, деп жазады 24 хабар.
"Есім ауылында үй аз. Ауылдан басқа елді мекендерге қатынайтын жол жоқ. Сондықтан жерлеу рәсіміне келгендер ауылға қайту үшін төтенше жағдай қызметіне жүгінді. Біз келгенде киімдері су, өздері тоңып қалған. Барлығы қауіпсіз жерге жеткізілді", — деді Тарбағатай ауданының №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев.