Өңірлер

Павлодар облысында жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды

© Photo : ДВД Павлодарской области Автобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейге кетіп бара жатқан Өзбекстан азаматтары құтқарылды

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Павлодар облысында жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жолаушылар автобусы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында қырғызстандықтар мінген автобус жолда қалып қойды

Полиция ведомствосының мәліметінше, Павлодар-Қызылорда автожолында Достық ауылы маңында 55 жолаушысы бар автобус сынып қалған, олардың бәрі Өзбекстан азаматтары екен.

Оларға көмекке жергілікті полиция қызметі аттанып, тоңып қалған жолаушыларды Достық ауылының мектебіне орналастырды. Жолаушыларға ас-су беріп, екінші автобуспен Ресей шекарасына жеткізіп салған, ал ол жерде ресейлік автобус Өзбекстан азаматтарын әрі қарай алып кеткен.

Жаңалықтар
0