Өңірлер

Павлодар полицейлері үйсіз мысыққа "жұмыс" тауып берді

© ДВД Павлодарской областиПолицейлер мысықты құтқарды
Полицейлер мысықты құтқарды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пана тауып, жылынып, қарны тойған мысық полиция бөлімінде алғашқы жедел тапсырма алды

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Полицейлер үйсіз мысықты тауып, паналатты, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мысықты құтқармақ болған бала Қостанайда машинаның астына түсті

Ағаш басына шығып алған мысықты қалалық полицейлер байқап қалыпты. Тәртіп сақшыларының бірі ағашқа өрмелеп, мысықты түсіріп алды. Мяулап, әбден тоңып қалған жануарды бөлімшеге әкеліп жылытып, жылы сүт берген.

"Мысық жаңа үйіне үйренген соң, оған алғашқы жедел тапсырма берілді – тышқандардың бәрін аулау. Кейінірек анықталғандай, құтқарылған жануар сүйкімді ғана емес, мейірімді, мінезі жұмсақ, кез келген жанды баурап алады екен", — дейді құтқарушылар.

Полиция атап өткендей, бұл әрекетімен тәртіп сақшылары сұмдық қылмысты ашпаса да, панасыз жануарды бауырларына басып, қайырымдылық жасады.

Жаңалықтар
0