АСТАНА 26 қыр — Sputnik. Қостанайда мысықты атомобильдің астынан алып шықпақшы болған 6 жасар бала машинаның астына түсті деп хабарлады Sputnik-ке облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Ведомстводан хабарлағандай, ЖКО 23 қыркүйекте Қостанайда Авиационная көшесінде болды.
"Амангелді кентінің 1991 жылғы тұрғыны Lada Priora көлігімен артқа қарай қозғалып келе жатып, 2010 жылғы туған баланы басып кетті", — деді агенттікке хабарлаушы телефон арқылы.
Белгілі болғандай, бала машинаның астына мысықты алып шығу үшін кіріп кеткен.
Ұл бала ауруханаға жатқызылды, қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жүргізушіге қатысты "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу жүргізілуде.