Қоғам

Алан Әжібаев "Хабар" агенттігін басқарады

© Photo : СЦКАлан Әжібаев
Алан Әжібаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Әжібаев ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметінде болды

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. "Хабар" агенттігінде кадрлық өзгерістер болды. Агенттіктің басқарма төрағасы болып Алан Әжібаев тағайындалды, деп хабарлады 24.kz.  

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дәурен Абаевтың орынбасары ауысты

Алан Ғазизұлы Әжібаев 1974 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 

1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын радиожүргізуші ретінде бастаған. Бұған дейін "Караван радиосының" директоры, бас продюсер, "Айқын" және "Литер" қоғамдық-саяси газеттерінің директоры қызметтерін атқарды. 

Төраға қызметіне тағайындалмас бұрын ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметінде болды. 


Жаңалықтар
0