Қоғам

Дәурен Абаевтың орынбасары ауысты

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұргүл Мауберлинова бұған дейін ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Нұргүл Мауберлинова ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР үкіметінің ресми сайты. 

"Қазақстан үкіметінің қаулысымен Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұрын вице-министр лауазымында Алан Әжібаев болған еді, ол өзінің өтінішіне сәйкес бұл лауазымынан босатылды", — деп жазылған хабарламада. 

Талғат Донақов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Талғат Донақов жаңа қызметке тағайындалды

Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылымы мен коммерциялық секторда қызмет еткен.

2006–2008 жылдары — ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.

2008–2012 жылдары — ҚР премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012–2016 жылдары ҚР президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.

2016 жылдың шілде айынан қазіргі кезге дейін ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 


Жаңалықтар
0