Қоғам

Ақмола облысының әкімі Астанадан шығарылатын қоқысқа шағымданды

© Photo : Пресс-служба ДВД г.Астанақұрылыс қалдықтары
құрылыс қалдықтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәлік Мырзалиннің айтуынша, қазір облыста қоқыс полигондарына бөлінген жер учаскелерін заңдастыру процесі жүріп жатыр

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik.Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңірде қоқысқа қарсы күрес қалай жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақмола облысының әкімі Қосшыны Астанаға неге қосуға болмайтынын айтты

"Бізде психология сондай, бәріне әкімдікті кінәлаймыз. Мен әріптестерді жауапкершіліктен босатып тұрған жоқпын, әрине. Өкінішке қарай, біздің облыста да қатты тұрмыстық қалдықтардың мәселесі да басқа өңірлердегідей әлі күнге шешілген жоқ. Былтыр біз бұл мәселені мықтап қолға алдық, қазір процестің басындамыз. Қазір полигонға берілетін жер учаскелерін заңдастыру жүріп жатыр. Жер бөлінгеннен кейін ғана полигондардың құрылысы басталады", — деді облыс басшысы.

Әкім Астанаға іргелес аудандарда күл-қоқыстың әр жерде шашылуына тұрғындардың өздері де кінәлі екенін атап өтті. 

"Мен талай рет өз көзіммен көрдім, кейбір адамдар қоқысты үйінің алдына тастай салады. Сондықтан жергілікті тұрғындармен үнемі түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Сіздер байқасаңыздар, құрылыс қоқысы көбіне Астанаға іргелес аудандарда көп. Мен кейде әріптесім Әсет Өрентайұлына (Исекешев – Астана әкімі, автор ескертп.) қалжыңдап айтамын, "біздің облыста осыншама қоқыс тастайтындай адам тұрмайды" деп. Өкінішке қарай, Астанадан бізге қарай көп қоқыс шығарылады. Бұл ішкі істер мен көлік инспекциясы органдарының жұмысындағы кемшілік", — деді Мырзалин.

Жаңалықтар
0