Қоғам

Ақмола облысының әкімі Қосшыны Астанаға неге қосуға болмайтынын айтты

© Photo : Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәлік Мырзалин ОКҚ-де Ақмола облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндады

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Қосшы ауылының географиялық мәртебесін өзгертуге қатысты жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат алыстағы мектепке оқушылардың жалаңаяқ жетіп жүргенін айтты

"Қосшы тұрғындары да осы сауалды маған жиі қояды. Мәселен, қараңыздар, әлемде екі жүзден сәл астам мемлекет бар, барлық елдің өз астанасы бар. Әр астананың айналасында облысқа қарайтын кішігірім елді мекендер жетерлік. Егер, мәселен, бізді қазір Қосшыны Астанаға берсек, онда ертең Қоянды, Талапкер, Қараөткел ауылдарының тұрғындары да осы мәселені көтереді. Сонда, өздеріңіз логикаға сүйеніп қараңыздаршы, бүтін ел бір астанаға айналуы керек пе? Бұл мүмкін емес қой, логика жоқ. Сондықтан бұл проблема бізге ғана қатысты емес, бәрінде бар факті", — деді облыс әкімі ОКҚ-де. 

Мырзалин Қосшы ауылының географиялық статусының өзгеруінен халықтың тұрмысы жақсарып кетпейтінін айтты. 

Подтопления в Коянды - Sputnik Қазақстан
Қояндыда қордаланған мәселе көп

"Қосшы тұрғындары ауыл Астанаға қарайтын болса, халықтың өмірі бірден жақсарып кетеді деп ойлайды. Олай болмайтынына сендіре аламын. Экономикаға көз жүгіртсек, Астанаға іргелес Целиноград ауданы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін субвенция үлесі бойынша Ақмола облысында бірінші орында тұр. Яғни, Целиноград ауданының бір тұрғыны Көкшетау, Степногор немесе басқа ауданның тұрғынына қарағанда ақшаны көбірек алады. Сіздер білесіздер, Астананың қала маңы аймағын дамытудың кешенді бағдарламасы бар. Оны үкімет 2011 жылы бекіткен болатын. Осы бағдарламаны қабылдаған кезде, статистика бойынша қала маңындағы елді мекендерде 48 мың адам тұрды. Қазір халық саны 150 мыңға жуықтайды. Яғни өсім әжептеуір, бірақ проблема да аз емес, бәрін істеуге үлгермей жатырмыз. Сондықтан осыны да ескеруіміз керек", — деді аймақ басшысы.


Жаңалықтар
0