Қоғам

Астана полицейлері бес жұлдызды қонақ үйге көше ме?

Жазылу
ІІМ қаланың ішкі істер департаментін қонақ үйге көшіру туралы мәселені қарастырып жатыр

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik.  Астана полициясының бес жұлдызды қонақ үйге көшетін-көшпейтінін ішкі істер министрлігі ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтып берді.

"Астана ІІД Ramada Plaza қонақ үй кешеніне көшіру мәселесі қаралып жатыр. Ақтық шешім әлі қабылданған жоқ", — деп мәлімет берді Сәдубаев.

Бұдан бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы ахуалды жақсарту үшін ІІД-не үлкенірек ғимарат беру керектігін атап өткен болатын.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ полицейлерден азап көргенін жазған жасөспірімге қатысты түсініктеме берді

"Астана азаматтар үшін тыныш қала болуы тиіс. Қалалық полицейлердің жұмыс істеуіне дұрыс жағдай жасалмағанын білемін. Қазір қаладағы ахуалды жақсарту үшін ІІД-не үлкенірек ғимарат беру мәселесі қаралып жатыр", — деп Елбасы 5 сәуірде елорданы көркейту бойынша жиында айтқан болатын.

Ramada Plaza Astana қонақ үйі аса ыңғайлы бөлмелер, тренажер залы, мейрамхана, конференция залдарынан тұрады.

Ресми сайттағы мәлімет бойынша, кеңсе жалдау бағасы шаршы метріне 4 500 теңге.

Жаңалықтар
0