Қоғам

ІІМ полицейлерден азап көргенін жазған жасөспірімге қатысты түсініктеме берді

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ІІМ анықтағандай, Жамбыл облысының полиция қызметкерлері сотталған жасөспірімнің құқығын бұзбаған

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Қазақстанның қоғам қайраткері Дина Таңсәрі сотталған жасөспірім Б.Т. жазған хатты өз парақшасында жариялады. Хатта полицейлердің баланы ұрып, зорлағанын мойындауға мәжбүрлегені жазылған.

Он жеті жастағы боз баланың айтуынша, былтыр қыркүйек айында Тараз қаласы ішкі істер басқармасында психологиялық қысым көріп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған екен.

"Анам М.Е. кетіп қалған кезде, мені балағаттап, психологиялық қысым көрсетіп, ішімнен, желкемнен, бүйрегімнен бар күшімен жұдырықтап ұрды. Қылмыс үшін бар жауапкершілікті мойныма алуымды талап етіп, тіпті ауыз ашып, қарсылық көрсетуге мүмкіндік бермеді", — делінген Желіде жарияланған хатта.

Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, сотталған бала мен оның ата-анасынан Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне ешқандай арыз түспепті.

Сот отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталып шықты

"2017 жылдың 29 қыркүйегінде Жамбыл облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Н.Т. есімді арыз берушінің (кәмелеттік жасқа толмаған Б.Т әкесі) Тараз ІІБ қызметкерлерінің қылмыстық істі тергеу кезінде заңға қайшы әрекетке барғандығы туралы айғақтарын жан-жақты әділетті түрде тексеру мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Нәтижесінде ІІБ қызметкерлерінің заңға қайшы әрекет еткені расталмады, сол себепті қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан, сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды", — деп жауап берді ІІМ Sputnik Қазақстанның сауалына.

Жасөспірім Б.Т. Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-тармағы бойынша сотталған болатын. Қазір түзету колониясында жазасын өтеп жүр.

Зорлау дерегі бойынша тергеу былтыр 22 қыркүйекте басталып, 26 желтоқсанда аяқталған.

Жаңалықтар
0