Қоғам

Беларусь президенті ардагерлерге өзінен бұрын өлуге "тыйым салды"

© Sputnik / Виктор ТолочкоАлександра Лукашенко
Александра Лукашенко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Александр Лукашенко ардагерлерге Ұлы Жеңіс пен елдегі қазіргі тыныштық үшін алғыс айтты

АСТАНА, 10 мамыр  — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко ардагерлерге алғысын білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Жеңіс алаңында гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін ардагерлермен әңгіме барысында айтты, деп жазады Sputnik Беларусь.

ҰҚШҰ елдері президенттерінің фотосессиясы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Онда емес, мына жаққа: Лукашенко Назарбаевты солға алып жүрді

Минсктегі Жеңіс алаңында гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін ел президенті ардагерлермен сөйлесіп, олардың Беларусьтегі бейбіт өмірге қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, Лукашенко соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңіс пен елдегі тыныштық үшін алғыс айтты. 

"Бұл тыныштықты бағаласақ – ол бізде болады. Ұмытқан жағдайда – тыныштығымызды жоғалтамыз. Ал тыныштықтың жоғалуы немен аяқталатынын сіздер білесіздер", — деді Лукашенко. 

Президент елдегі бейбітшілікті сақтауда ардагерлердің үлесі зор екенін атап өтті. Сондықтан ол қариялара ұзақ ғұмыр және мықты денсаулық тіледі. 

"Менен бұрын өлу жоқ, есте сақтаңыздар", — деп "бұйырды" ол ардагерлерге. 

Айта кетсек, бүгінде Беларусьте сегіз мыңнан астам ардагер өмір сүреді. Олардың жасы орта есеппен – 90, дені жүз жастан асқан.

Жаңалықтар
0