АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы елдері президенттерінің фотосессиясынан кейін қызық оқиға болды. Видеоны Кремль журналисі Дмитрий Смирнов өз парақшасында жариялаған.
Фотоға түсіп болғаннан кейін Беларусь басшысы Александр Лукашенко жанында тұрған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қолтықтап, сол жаққа жетелей жөнелді. Бірақ бірнеше секундтан кейін бүкіл президентті басқа жаққа бұрып әкетті.
Не туда: Лукашенко повел ОДКБ в неверном направлении pic.twitter.com/7QQCmhs1un
— Дмитрий Смирнов (@dimsmirnov175) 30 ноября 2017 г.
Айта кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар келіссөз жүргізіп, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.