Оқиға

Банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

© Photo : ТОО "Алма ТВ"Жомарт Ертаев
Жомарт Ертаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы деректер бойынша, Жомарт Ертаев алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Онымен бірге тағы үш адам ұсталды

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Танымал қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Mash телеграм-арнасы.

"Төменде қымбат көліктердің қасында "Алма-групп" басшысы Жомат Ертаев жатыр, қасында "Тройка-Д-Банка" бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяков. Олар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды (тағы екі адам бар)", — делінген хабарламада.

 

 

Mash деректеріне сүйенсек, Ертаев Ресейде үш жылдан бері федералды іздеуде болған.

Арнайы операция Москва-Сити іскерлік орталығының аумағында жүргізіліпті: Ертаевтың көлігі мен соңынан ергендерді жол үстінде тоқтатқан.

Қамаудағылар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда БТА банк ісі бойынша сот отырысы аязға байланысты болмай қалды

Жомарт Ертаев 1990 жылдардың ортасынан бастап Қазақстанның банктерінде басқарушы лауазымдарды иеленді. 2009 жылы бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы заңнаманы бұзды деген күдікпен қамауға алынып, тоғыз айдан соң айыппұл төлеп, босап шыққан болатын.

Кейін бірнеше жыл "Алма ТВ" ЖШС кабельді телевидениесін басқарды. 2016 жылы күзде "Алма Групп" директорлар кеңесінің төрағасы әрі компания президенті болды.

2017 жылдың мамырынан бері – "Тройка-Д Банк" АҚ (банктің 5% акциясы тиесілі) және "Волго-Окский коммерческий банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Жаңалықтар
0