Өңірлер

Алматыда БТА банк ісі бойынша сот отырысы аязға байланысты болмай қалды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҚамаудағылар
Қамаудағылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БТА банк ісі бойынша сотталушылар келмегендіктен, істің қаралуы 30 қаңтарға шегерілді

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотында қаралуы тиіс БТА банк туралы қылмыстық іс тағы да кейінге қалдырылды.

Сотқа белгісіз себептерге байланысты Қайрат Садықов пен Жақсылық Жарымбетов келмеген. Қамауда отырған Ұлықбек Мақсатбекұлы, Жамиль Мақсатбек пен Елена Молчанованы әкеле жатқан көліктің жанармайы қатып, уақытында жеткізе алмапты.

Судья Дәурен Мәукеев сот отырысының  30  қаңтарға шегерілетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0