АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кәсіпқой карьерасы туралы пікірін айтты, деп жазды prosports.kz.
"Менің қарсыластар тізімім Хопкинске қарағанда мықтырақ. Мен жұдырықтасқан боксшылар Бернардтың қарсыластарынан күшті. Сеніңіз, бұл маған ғана емес, менің жанкүйерлерім мен бокс фанаттарына ерекше әсер береді. Мен өзімді бокс жұлдызындай сезінуге құқығым бар", — деді Головкин Boxingscene.
Айта кетейік, Головкин 5 мамырда Калифорнияда америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады.