Спорт

Головкин "Канеломен" алғашқы жекпе-жегі туралы бар шындықты айтты

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин Альварес соққы жасауға мүмкіндік бермегенін мойындады

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Орта салмақтағы бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN LA радиосына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареске қарсы алғашқы жекпе-жегінде қандай кемшілік жібергенін айтты, деп жазды Sports.kz.

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" допингті әдейі қолданбағаны дәлелденді

Жекпе-жек өткен жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған болатын.  

"Алғашқы жекпе-жек мен үшін де, ол үшін де 100% сәтті болған жоқ. Кейде соққыларым тимей жатты, өйткені ол тым көп қимылдады. Жекпе-жекке дейін ол: "мен нағыз мексикалықпын, мен оның тас-талқанын шығарып, нокаутқа түсіремін" деген еді, тағы басқа осы сарындас әңгімелер айтты. Сонда мен: "жарайды, мен дайынмын, оны қалай жасайтыныңды көрсете ғой" дедім. Алайда рингте ол бір орнында тұрмады, әрі-бері жүрумен болды. Дегенмен, әрине, бұл менің кемшілігім. Оны драмалық стилде ұра алмадым. Ендеше келесі жолы сәті түсіп қалар…", — деді Геннадий Головкин. 


Жаңалықтар
0