Спорт

"Канело" допингті әдейі қолданбағаны дәлелденді

© AP Photo / Damian DovarganesСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауль "Канело" Альварестің түк допинг-тесінің нәтижесі жарияланды

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Геннадий Головкинмен реванш алдында допингпен ұсталып, алты айға бокстан шеттетілген  мексикалық Сауль "Канело" Альварес Невада штаты атлетикалық комиссиясының талабы бойынша түк фолликулы тестінен өтті, деп жазды Sports.kz.

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" спорттан қанша уақытқа шеттетілетіні белгілі болды

NSAC 29 наурыз күні "Канелоның" түк үлгілері жиналып, олар WADA аккредиттеген Юта штатының Солт-Лейк Сити қаласындағы зертханада тестіленді. Зерттеу нәтижесі бойынша кленбутерол немесе өзге де тыйым салынған заттар табылмады. Бұл туралы құжатты ESPN сайты 20 сәуірде алыпты. Бұл мексикалық боксшы өзінің екі допинг-сынамасынан табылған препаратты әдейі қолданбағанына дәлел болмақ.

Айта кетерлігі, спортшы кленбутеролды қабылдағаннан кейін оның зәрінде бір аптадан аз уақыт қалатын болса, түк арқылы бірнеше ай бұрын қолданылған допингті анықтауға болады екен.       

 "Канелоның " 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Спортшының өзі бұл зат малдың азығына қосылатындықтан қанға ет арқылы түсуі мүмкін деп ақталған еді.   


Жаңалықтар
0