Әлем

Лондондағы атыс: бір адам қаза тауып, біреуі жарақат алды

© AFP 2024 / Tolga AkmenЛондондағы полиция
Лондондағы полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лондон полициясы бұл оқиғаны кісі өлтіру деп атап, тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Лондонның солтүстік-батысында атыс салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды қалалық полиция.

АҚШ полициясы - Sputnik Қазақстан
Әлем
YouTube штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды

Құқық қорғау органдары таратқан мәліметке сәйкес, полицейлерді сейсенбі күні кешке Камберланд-роудқа шақырған. Тәртіп сақшылары оқ жарақатын алған 30 жастағы ер адамды тауып, көп ұзамай зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды РИА Новости.

20 жастағы екінші жігітті Лондонның солтүстігінде ауруханаға жеткізген. Қазір әл үстінде жатыр.

Скотланд-Ярд болған оқиғаны кісі өлтіру деп атап, тергеу жүргізуде.


Жаңалықтар
0