Әлем

YouTube штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды

© Sputnik / Медиабанкке өтуАҚШ полициясы
АҚШ полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейінірек оқ атқан әйелдің денесі табылды, бастапқы дерек бойынша, ол өз-өзіне қол салған

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бруно қаласында YouTube видео қызметінің штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қызылордада көшедегі атыс видеоға түсіп қалды

Атыс туралы хабарды осы компанияда жұмыс істейтін Беларусь тумасы Вадим Лаврусик жеткізген.  

"YouTube штаб-пәтерінде қаруланған адам жүр. Жұмыс орнымда отырып, атылған оқ үнін естідім, адамдар қашып жатты. Әріптестерімізбен бөлмеде жасырынып отырмыз", — деп жазды ол.

Алғашқы ресми деректерге сүйенсек, төрт адам зардап шегіп, бір адам қаза тауыпты, ал атыс шығарған әйел адам өз-өзіне қол салған.

​АВС телеарнасы хабарлағандай, оқиғаның терроризмге қатысы жоқ, тұрмыстық себептерден болған.

Жаңалықтар
0