Әлем

Ресейлік депутаттар өз жалақысын қарапайым халықтың табысымен теңестіруді ұсынды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде Мемлекеттік думаға сенаторлар мен депутаттардың еңбекақысын елдегі орташа жалақымен теңестіруді көздейтін заң жобасы түсті

АСТАНА, 30 сәуір — Sputnik. Ресейдің "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов пен депутат Олег Нилов Мемлекеттік думаға сенаторлар мен депутаттардың еңбекақысын елдегі орташа жалақы — 35 мың рублмен (шамамен 185 мың теңге) теңестіруді ұсынатын заң жобасын енгізді.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мәжіліс депутаты ең төменгі жалақы қай өңірде екенін айтты

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, тиісті құжат Мемлекеттік думаның деректер базасында жарияланды.   

Заң жобасы жалақыны төмендетуден бөлек, зейнетақы, медициналық және шипажай-курортпен қамтамасыз ету бойынша бірқатар артықшылықты алып тастауды көздейді. Заң жобасы авторларының пікірінше, бұл заң шығарушыларға бөлінетін шығынды едәуір төмендетуге мүмкіндік бермек.   

Заң жобасында сенаторлар мен депутаттар бүгінде федеральды министрлермен бірдей жалақы алатыны аталып өткен. Сонымен қатар 2016 жылы парламентарийлердің табысы Ресейдегі орташа жалақыдан бірнеше есе асып түскен.    

Бұдан бұрын Миронов бұл бастама депутаттарды Ресей экономикасын өсіруге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңдарды қабылдауға ынталандыратынын мәлімдеген еді.   

"Депутаттар халыққа сөзімен ғана емес, ісімен де жақын болуы тиіс", — деп саясаткердің сөзінен үзінді келтірді оның баспасөз қызметі.  

 Дегенмен үкімет депутаттар мен сенаторларға жоғары жалақы олардың қызметіне байланысты төленетінін алға тартып, бастаманы қолдамай отыр.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде орташа жалақы 157 мың теңгеден асты

Ал Тәуеліз кәіподақтар федерациясының басшысы Михаил Шмаков заң жобасы қабылданбайтынына сенімді, өйткені парламентарийлер табысының осыншалық төмендеуіне жол бермейді.  

"Заң жобасы дауыс беруге дейін жеткен күннің өзінде депутаттар өздеріне қарсы келмейді. Аралар балға қарсы дауыс бермейді", — деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар Шмаков барлығы қолымда тұрса бұл бастамаға қолдау білдіруші едім дейді, оның пікірінше, депутаттар осылайша қарапайым халық қалай өмір сүретінін білуші еді.   


Жаңалықтар
0