Өңірлер

Мәжіліс депутаты ең төменгі жалақы қай өңірде екенін айтты

© SputnikТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Уәлихан Қайназаров оңтүстіктегі көгілдір отынның қазіргі тарифі қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіріп отырғанын мәлімдеді

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Бүгін мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданына барып, халықтың жағдайымен танысты. Алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындарды аралап, тыныс-тіршілігін шолып шықты, деп хабарлады Otyrar.kz.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде бүгіннен бастап ең төменгі жалақы көлемі артады
Депутаттар аудан халқының әлеуетінен хабар алып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын саралады. Сондай-ақ, аудандық саябаққа көшет отырғызып, өз аттарынан егілген желектер қараусыз қалмауын тапсырды. "Ең төмен жалақы және ең қымбат табиғи газ оңтүстік өңірінде", — дейді Уәлихан Қайназаров. Қымбат тарифтер жайлы жерлестерінен арыздар мәжілісменге жиі түседі екен. Бұл мәселені халық қалаулысы жоғары деңгейде көтеруге мәжбүр.

Өйткені көгілдір отынның қазіргі тарифі қарапайым халықтың қалтасына ауыр салмақ қана емес, ірі кәсіпкерлердің де бизнесін жүргізуге кері әсерін тигізуде. Бағаның шарықтауы жергілікті жерлердегі жағдайды ушықтыруы әбден мүмкін дейді мәжілісмен.

Мәжілісмен заң тұрғысында тағы бір өзекті мәселені көтермек. Ол – облыс орталығына енген елді мекендердегі тұрғындардың мүліктерін заңдастыра алмай сабылуы. Халық қалаулысында бар ақпарат бойынша бүгінде 5 мыңға жуық үй иесінің мүлігіне құжаттары жоқ. Енді есептей беріңіз, қаншама азамат мүлік және жер салығын төлемеуде.

ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді
Депутаттардың мәлімдеуінше жаңа заңдардың шығуына осындай кездесулер түрткі болады. Өйткені етене араласқанда ғана жағдаймен жіті танысасың.

Мәжілісмендер топ топқа бөлініп шаруашылықтармен танысуға бет алды. Қазығұрт ауданындағы газобетон блогі өндірісінде болды. Сонымен бірге, Шарбұлақ ауыл округіне қарасты "Сапа 2002" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 2007 жылдан бері қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын өсірушілердің тыныс-тіршілігін бағамдап көрді. Сондай-ақ, өңірлік бағдарламаның арқасында шаруашылығын дамытқан "Қайып ата" серіктестігінің жұмысымен танысты.


Жаңалықтар
0