Өңірлер

Батыс Қазақстанда мектептер мен аурухананың шатырын жел ұшырып әкетті

CC0 / Tante Tati / Жел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты желдің салдарынан Оралдың екі тұрғыны ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оларды тексерген соң үйіне жіберді

АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қатты жел бірнеше әлеуметтік нысанның шатырын жұлып алды, сондай-ақ өңір тұрғындары жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Жел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда дүлей жел талдарды құлатып, "Рухани жаңғыру" деген жазуды қиратты

Ведомствоның мәліметінше, 28 сәуір күні дүлей желдің (секундтына 21 метрге дейін) салдарынан облыс орталығындағы 14 нысанның шатыры жұлынып кеткен. 

Айталық, облыс орталығында № 43 және 45 мектептердің, жол-көлік колледжінің, "Әмина" тойханасының, облыстық балалар ауруханасының, "Жайықжылуэнерго" АҚ жылу пунктінің шатырын жел ұшырып әкеткен.   

Оралда қатты желдің салдарынан сондай-ақ 2008 және 1981 жылы туған екі қала тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, олар тексерістен соң үйлеріне жіберілді.  


Жаңалықтар
0