Әлем

Президенттің "оң қолымын" деген ер адам министрлерден ақша бопсалаған

© REUTERS / Stephen LamiPhone X ұстап отырған ер адам
iPhone X ұстап отырған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алаяққа алданып қалған лауазымды тұлғалар құзырлы органдарға арызданды

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Бішкекте министрлерді алдаған алаяқ іздестіріліп жатыр. Бұл туралы "24.kg" порталына құқық қорғау органдары хабарлады. 

ақша, пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қаскөйлер Астана тұрғынынан әйелімен түскен интимді суреттер үшін ақша бопсалаған

Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, белгісіз бір ер адам жаңа министрлерге, атап айтсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Нұрбек Мұрашевке телефон соғып, ақша бопсалаған. 

"Ол өзін президенттің "оң қолымын" деп таныстырып, жоғары қызмет үшін алғыс айту керектігін меңзеген. Бірнеше ведомство басшысынан 150 доллардан алып үлгерген. Қазір алаяқты іздеу жұмыстары жүріп жатыр", — деді құқық қорғау органдарының өкілдері. 

Ауыл шаруашылығы министрі бұл ақпаратты растады. Алданып қалған шенеуніктер құқық қорғау органдарына арызданған. Тексеріс жүріп жатыр. 

Айта кетсек, бұған дейін шенеуніктерден жиі ақша бопсалаған 38 жастағы Санжарбек Супатаев ұсталған еді. Ұрлық, алаяқтық және түрмеден қашқаны үшін бірнеше мәрте істі болған ол, кейбір деректер бойынша, өзін президент аппаратының қызметкерімін деп таныстырған.

Жаңалықтар
0