Қоғам

Қазақстанда зиянды тағамдардың жарнамасына шектеу қойылады

© Sputnik / Алексей Сазонов / Медиабанкке өтуАзық-түлік
Азық-түлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрамында қант, тұз және трансмайлар көп азық-түліктің жарнамасы шектелуі мүмкін

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Қазақстанда 2018 жылдан бастап құрамында қант, тұз және трансмайдың мөлшері жоғары азық-түліктердің жарнамасына шектеу қойылмақ, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі арықтаудың тиімді жолын айтты

"2018 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасын қант, тұз және трансмайдың мөлшері жоғары азық-түліктердің жарнамасын шектеу бойынша толықтырулар енгізу жоспарланып отыр", — деді Цой жұма күні бас қосуда.

Вице-министрдің мәліметінше, халықаралық тәжірибе көрсеткендей мұндай шаралардың тиімділі аса зор. Финляндияда 2010 жылдан бастап тәтті мен ішімдікке салық салынып, құрамында тұз мөлшері жоғары тағамдарға тайым салынған болатын. Нәтижесінде жеті жыл ішінде жұқпалы аурудар деңгейі 80%-ға дейін азайып, 1980 жылмен салыстырғанда өмір жасы ұзақтығы 10 жылға артты.

Жаңалықтар
0