Әлем

Телефонын ваннаға түсіріп алған жасөспірім ажал құшты

© Photo : Luisella Planeta Leoni Телефон
Телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
13 жасар оқушының анасы жуынатын бөлмеден қызының жан даусын естіген

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Ресейдің Краснояр қаласында телефонын су толтырылған ваннаға түсіріп алған оқушы қыз мерт болды.

Телефон ұстаған қыз - Sputnik Қазақстан
Әлем
Телефонын қуаттағыштан ажыратпай сөйлескен қыз ажал құшты

Өткен бейсенбіде 13 жастағы қыз жуынатын бөлмеде телефонын тоққа қосып, ұстап отырған. Бастапқы мәлімет бойынша, құрылғыны суға түсіріп алыпты.

Оқушының анасы қызының даусын естіп, есікті қағады, бірақ жасөспірім жауап бермеген. Туыстары есікті бұзып кіргенде, тоққа түсіп қалған қыздың денесін көреді.

"РФ Краснояр өңірі бойынша тергеу органдары жуынатын бөлмеде 13 жасар қыздың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады", — делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0