Әлем

Телефонын қуаттағыштан ажыратпай сөйлескен қыз ажал құшты

CC0 / Marcino / Телефон ұстаған қыз
Телефон ұстаған қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 жастағы қыздың смартфоны жарылып, қатты күйік шалды, оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмаған

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Үндістанда телефонмен сөйлесіп отырған қыз көз жұмды. Daily Mail басылымының мәліметінше, оның қолындағы смартфон жарылып кеткен, деп жазды life.ru.  

қуаттау - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өскеменде ер адамның қолында қуаттау құрылғысы жарылды
18 жастағы Ума Орам өзінің Nokia телефонын қуаттау құрылғысына қосып, отбасы мүшелерінің бірімен әңгімесін жалғастыра берген. Кенет тарс еткен дыбыс шығып, қыз ес-түссіз құлаған.

Жарылыс салдарынан Уманың кеудесін, қолы мен аяғын қатты күйік шалған. Трагедия орнына келген дәрігерлер зардап шегушінің қаза тапқанын анықтады.  

Қыздың ағасының айтуынша, жарылған Nokia 5233 телефоны 2010 жылы шыққан екен. Фин компаниясының өкілдері қыздың отбасына көңіл айтты. 


Жаңалықтар
0