Әлем

Мұздай қаруланған содырлар Орта Азияға бет алды

© AP Photo / Hani MohammedСодырлар
Содырлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орны толмас зардабын тигізуі мүмкін - Ресейдің қорғаныс министрі тас-талқан болған "Ислам мемлекетінің" содырлары туралы айтты

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Сирия мен Иракта тас-талқан жеңіліске ұшыраған "Ислам мемлекеті"* содырлары Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияға бет алды, деп мәлімдеді Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Содырлар - Sputnik Қазақстан
Ислам мемлекеті* Санкт-Петербургте болған жарылысты мойнына алды

"Ислам мемлекеті" тас-талқан болған соң, Сирия мен Ирактағы содырлар басқа аймақтарға, оның ішінде Орта және Оңтүстік-шығыс Азияға бет алды. Ол жақта жаңа террорлық ұяшықтар пайда болып жатыр", — деді Шойгу сейсенбі күні Пекиндегі ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің бас қосуында, деп хабарлайды РИА Новости

Ресей министрінің сөзіне сүйенсек, террористер заманауи қару-жарақтарды пайдаланады, олардың ішінде шабуыл жасайтын дрондар да бар.

"Пилотсыз ұшу аппараттары 100 километр қашықтықтан ұрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Оларды дамыған мемлекеттердің техникалық қолдау көрсетуінсіз жасау мүмкін емес. Бұл құралдарды халық тығыз қоныстанған аудандарда пайдаланса, орны толмас зардабын тигізуі ықтимал", — деп мәлімдеді Шойгу.

Былтыр желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин "Ислам мемлекетінің" Сириядағы Евфрат өзенінің қос жағасында да жеңіліске ұшырағанын мәлімдеді. Ресей Қарулы күштерінің Бас штабы басшысы Валерий Герасимов атап өткендей, Сирия Араб республикасы Ислам мемлекеті террористерінен толығымен азат етілді, ал Дейр-эз-Зорда қалған содырлардың көзі жойылған.

"Ислам мемлекеті" — Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым.

Жаңалықтар
0