АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. "Ислам мемлекеті"* террорлық тобы Санкт-Петербургтегі супермаркетте болған жарылысты мойнына алды, деп жазады РИА Новости SITE сайтына сілтеме жасап.
Мәлімдемеге сәйкес, салдарынан он сегіз адам зардап шеккен шабуылды Ислам мемлекеті* ұяшықтарының мүшелері жасаған.
27 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі дүкенде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жарылып кетті. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Келесі күні Ресей президенті Владимир Путин аталған шабуылды теракт деп атады.
Әлі тоғыз зардап шегуші ауруханада жатыр.
*Ислам мемлекеті, ИГИЛ — Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым.