Әлем

Анасымен ұрсысып қалған 12 жастағы оқушы Бали аралына ұшып кетті

© Sputnik / Ксения Воронинаер бала, архив суреті
ер бала, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлының сабаққа бармағанын білген әйел баласын алып келу үшін Балиге аттанған

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Австралияда 12 жастағы оқушы анасымен ұрсысып қалғаннан кейін, ата-анасының кредиттік картасын ұрлап, Балиге демалысқа ұшып кеткен, деп хабарлайды РИА Новости.

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Оқушы мұғаліміне пышақпен тап беріп, сынып бөлмесін өртеп жіберді

12 жастағы оқушы балаларға жалғыз саяхаттауға рұқсат ететін әуе компаниясынан Денпасарға (Бали аралындағы ірі қала) билет сатып алған.  Кейін ата-анасына хабарласып, мектепке бара жатырмын деп өтірік соққан. Шын мәнісінде әуежайға бет алған. Әуежайда өз бетінше тіркелетін қызметті пайдаланып, ұшақ бортына еш кедергісіз өткен. Сөйтіп Австралияның Перт қаласына жетіп алған. 

Кейін Денпасарға дейін апаратын ұшаққа отырып, алдын ала брондап қойған All Seasons қонақ үйіне келген. Онда да мектеп оқушысы қазір әпкесі келетінін айтып, еш қиындықсыз тіркеуден өтіпті. 

Баланың ата-анасы мектептен қоңырау шалғаннан кейін ұлдарының Балиге ұшып кеткенін біліп қойған. Анасы баласын алып келу үшін аралға аттанды. Әйелдің айтуынша, оның ұлы бетін қайтарғанды ұнатпайды екен.

Жаңалықтар
0