Оқиға

Оқушы мұғаліміне пышақпен тап беріп, сынып бөлмесін өртеп жіберді

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Башқұртстанда сәрсенбі күні таңертең оқушы қыз бен мұғалім пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Башқұртстандағы Стерлимак қаласында оқушы мұғалімі мен сыныптасын пышақпен жарақаттап, кейін информатика пәні бөлмесін өртеп жіберген.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Анасын асқан қатыгездікпен өлтірген оқушы жат ағымның жетегінде болуы мүмкін

"Бастапқы деректерге сүйенсек, 17 жастағы оқушы сыныптастары отырған информатика пәні бөлмесіне кіріп, оқушы қыздың қолын пышақпен кескен, кейін мұғалімге де пышақ салыпты. Артынша жанғыш сұйықтықты шашып, сынып бөлмесін өртеген", — деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитеті. 

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жасөспірім өз-өзіне қол салуға тырысыпты. Оқушы мен пышақ жарақатын алғандар ауруханаға жатқызылды.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сигнализациясы іске қосылған кезде, басқа бір сыныптың оқушысы екінші қабаттан секіріп кетіпті.

Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0