Өңірлер

Әшімбаев: ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартамыз

© Photo : Наталия КогутАғылшын тілі
Ағылшын тілі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр Отан" партиясы жобаны "Атамекен" ҰКП және мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырмақ

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "Нұр Отан" партиясы ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартуды жоспарлап отыр. Қазір партия шетелдік еріктілердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын пысықтауда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев ағылшын тілі туралы: кейбіреулер "тек қазақ тілі керек" деп шулайды

"Ауыл жастарының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында бірнеше жобаны қолға алып отырмыз. Ауылдарда ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасау – ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі болашақта ағылшын тілін білмейтін жас маманға жұмыс табу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан да біз  ауылды жерлерде ағылшын тілін үйрететін клубтар ашуды жоспарлап отырмыз", — деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, партия жаңа бастаманы "Атамекен" ҰКП және мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырмақ. 

"Клубтарға ерікті ретінде 500-ден астам адам тартылады. Шетелден ағылшын тілінде сөйлейтін жастар мен Қазақстанда ағылшын тілін үйреніп жүрген студенттерді тартамыз. Олар балалармен кезең-кезеңмен жұмыс істеп, семинарлар өткізеді, сабақ береді. Еріктілер тегін жұмыс істейді. Оларды шетелден әкелу жолдары, басқа әлеуметтік мәселелерді қазір пысықтап жатырмыз", — деді Әшімбаев.

Жаңалықтар
0