Қоғам

Назарбаев ағылшын тілі туралы: кейбіреулер "тек қазақ тілі керек" деп шулайды

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемнің үздік жүз кітабының алғашқы 18 кітабы мен оқу құралы жарыққа шықты

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығын атап өтті, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жиында Жетісу мемлекеттік университетінің шет тілдері мен аударма кафедрасының меңгерушісі Айымжан Рыскиева сөз сөйлеп болған соң, Елбасы ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығын тағы да айтты.

Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық туралы: бұрын-соңды мұндай болған емес

"Айымжан төрт тілді меңгерген. Ағылшын тілі десек, кейбір қазақтар "Не керек бізге ағылшын тілі, бізге тек қана қазақ тілі керек" деп шуылдайды. Сонда біз ғаламмен бірге қалай жүреміз? Экономикамызды қалай дамытамыз? Ғылым, білім, мәдениетімізді қалай өркендетеміз? Сондықтан осындай қыздардан бәріміз тағылым алып, әсіресе жастар ұмтылуы керек", — деді Назарбаев. 

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл болды. Осы мақалада президент әлемдегі ең үздік жүз кітапты қазақ тіліне аударуды тапсырған еді. 

Бүгінде алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шығып отыр. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.

Оқулықтардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, алдағы бір айда жоғары оқу орындары мен кітапханаларға тегін таратылмақ.

Жаңалықтар
0