Өңірлер

Алматы облысында әйелді сәбиімен бірге көлік басып кетті

CC0 / / Көлік
Көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция іздеу шаралары барысында айыпты жүргізушіні ұстады

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Алматы-Бішкек тас жолында әйелді сәбиімен бірге көлік қағып өлтіріп, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Автокөліктің сынған терезесі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

38 жастағы әйел мен сәбидің денесі 18 сәуірге қараған түні Қарасай ауданында табылған. 

Полиция олардың жол апаты салдарынан қаза тапқанын анықтап, айыптыны іздеу шараларына кірісіп кетті. 

"Мамандар оқиға орнынан Mazda СХ-7 көлігінің ұсақ бөлшектерін тауып, бүкіл өңір мен көрші облыстарда іздеу жүргізіле бастады", — деп мәлімет берді Алматы облысы ІІД жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің бастығы Ерлан Кәрібаев.

Жүргізуші табылып, ұсталды. Күдікті Қаскелең қаласының тұрғыны екен. Ол кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Жаңалықтар
0