Өңірлер

Павлодар облысында алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

© Sputnik / Медиабанкке өтуАвтокөліктің сынған терезесі. Архивтегі фото
Автокөліктің сынған терезесі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күні Ленин кентінің тасжолы бойында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп, айналаны қалың түтін басқан

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "Павлодар – Екібастұз" бағытындағы тасжолда үш бірдей жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Облыстық ІІД  баспасөз қызметінің мәліметінше,  облыс орталығынан сегіз шақырым  қашықтықта  "LADA-211910" автокөлігін тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші  мен 34 жастағы ер адам басқарған "КамАЗ" жүк көлігі соғылған.

Алматыда жеңіл көлік бағананы құлатып, ағашқа соғылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жеңіл көлік бағананы құлатып, ағашқа соғылды

"Жол апаты Ертіс алқабынан көлік өтетін  жолдың бөлігінде қою түтін жайлаған жерде  тіркелген.  Сағат 14.05-те "LADA-2108" көлігінде отырған 52 жастағы жүргізуші мен "Фольцваген-Пассат" көлігінде отырған 52 жастағы  азамат  соқтығысқан.  10 минуттан кейін дәл сол  тас жолында "Toyоta Camry"  маркалы темір тұлпар мен 42 жастағы адам тізгіндеген "ГАЗ-53" жүк көлігі қақтығысқан", — деді депаратменттегілер.        

Жол-көлік оқиғасы салдарынан  "LADA-211910"  және "Фольсфаген-Пассат" автокөліктерінің екі жолаушысы мен "Toyta Camry" автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.    

"Toyоta Camry" көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жүгініп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.  Аталмыш факті бойынша жол апатының  себептері мен кінәлі адамдарды анықтау бойынша тексеріс жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, демалыс күні Ленин кентінің тасжолы бойында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп, айналаны қалың түтін басқан. 


Жаңалықтар
0