Қоғам

Бас прокуратура: Астана көшелерінің атауын қайта-қайта өзгертуді қою керек шығар?

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALLАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратураға көше атауларының жиі өзгеретіні туралы арыз-шағымдар жиі түседі

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Астанадағы көше атауларын жиі өзгерту бюджеттік шығын келтіріп қана қоймай, жеке тұлғалардың келісім жасасуы кезінде қиындықтар туғызады, деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин.

Алматы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі

"Сәулет органдары сәулеттік кадастр жүргізу бойынша құзыретті орган болып саналады. Бәлкім, осы көшелердің атауын өзгерте беруді қою керек шығар? Бұл бюджеттік шығынға әкеліп қана қоймай, есеп жүргізуге кедергі келтіреді, таксистерді шатастырып, жылжымайтын мүлік сату кезінде келісімдер жасасуда және құжаттар ресімдеуде үлкен қиындық туғызады. Сәулет органдары мұны білмей отыр ма сонда? Тым-тырыс осы бір үрдісті жалғастыра береді. (…) Бәлкім, көшелердің атауын өзгертуді тоқтату керек шығар?" — деді Лукин Бас прокуратурадағы жиын барысында.

Бас прокуратураға соңғы кездері көше атауларының өзгеруіне қатысты арыз-шағымдар көбейіп кеткен. Өйткені бұл мәселе құқық белгілеуші құжаттарға өзгерту енгізуге мәжбүрлейді.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев атап өткендей, көшелердің атауын өзгерту олардың құзыретіне жатпайды. Басқарма да бұл мәселеге алаңдаушылық білдіріп, ономастика комиссиясына сауал қойды.

Жаңалықтар
0