Өңірлер

Алматыда Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атауды өзгерту туралы шешім "қала тұрғындарының толассыз ұсыныстарын" ескере отырып, қабылданды

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Алматыда Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі. Шешім бүгін қалалық мәслихат сессиясында қабылданды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Алматы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр: Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертіледі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек атап өткендей, 112 қайталанатын көше атауларын өзгерту туралы ұсыныс ономастикалық комиссияға берілгеннен соң, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қала тұрғындары, әсіресе жас буын өкілдерінен тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Елбасы есімін мегаполистің бас көшелерінің бірі – Фурманов көшесіне беру туралы көптеген өтініштер түскен.

"Биыл біз Астананың 20 жылдығын тойладық. Естеріңізге сала кетсек, тарихтың өзі көрсеткендей, Елбасының елорданы көшіру туралы шешімі асқан көрегендікпен өте дұрыс қабылданған. Еуразия орталығында жаңа заманауи қала тұрғызылып қана қоймай, Алматы елдің іскерлік орталығы ретінде дамуға күшті импульс алды. Бүгін Алматы – өңірлік магнит, Орта Азияның ірі мегаполисі", — деді Бауыржан Байбек.

Байбек айтып өткендей, Алматыда президенттің бастамасымен Конституция қабылдау, ұлттық валюта, Қарулы күштерді құру, мемлекеттік рәміздерді бекіту, Семей полигонын жабу туралы шешімдер қабылданған.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адасып кетпеңіздер: Астанада көше атаулары өзгертіледі

Айта кетейік, Қазақстан президенті Назарбаевтың есімі алғаш рет осыдан он жыл бұрын Иорданиядағы Амман қаласының көшесіне, Шешенстандағы Грозный қаласының көшесіне берілген. Бұдан бөлек Қазақстанның тұңғыш президентінің есімімен аталатын көшелер Түркияның бірнеше қалаларында бар, Татарстан астанасы Қазандағы магистралді көше Нұрсұлтан Назарбаев атында.

Фурманов көшесінің атауын өзгерту туралы шешім қалалық депутаттар мәслихатында бір ауыздан қабылданды.

Бұдан бұрын Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертілетіні туралы хабар шыққан болатын. Біршамасы аты аңызға айналған жауынгерлер мен батырлардың есімімен аталатын болады: Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Кенесары хан; тағы біразына жазушылардың аты беріледі: Герольд Бельгер мен Шыңғыс Айтматов.

Жаңалықтар
0