Өңірлер

Өскеменде анасы екі жасар сәбиін құтқарам деп өзенге секірді

Жазылу
Екі жасар бала өзенге құлап кеткен кезде, анасы да соңынан секірген

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Өскеменде анасы мен екі жасар баласы Ертіс өзеніне батып кете жаздады, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада сәби балабақшадан өз бетімен шығып, суға кете жаздаған

Жұма күні 12 кезінде өзенге құлап кеткен баласын құтқармақ болып, әйел адам Ертіске секірген.

Абырой болғандай, жақын маңда жүрген №2 қалалық өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев оларды байқап қалып, көмекке ұмтылады. Электромонтер Ернар Қадылбеков пен оның әріптесі Айдын Төртбай да ана мен баланы судан алып шығуға жәрдемдескен. Қадылбеков сәбиге жасанды дем беріп, өлімнен арашалап қалды.

Сол маңда болған облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім басшылары, зардап шегушілерді жағада күтіп алып, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырыпты.

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКВиталий Бақтыбаев
Виталий Бақтыбаев - Sputnik Қазақстан
1/2
Виталий Бақтыбаев
© Photo : Комитет по ЧС МВД РКВиталий Бақтыбаев әріптестерімен
Виталий Бақтыбаев  әріптестерімен - Sputnik Қазақстан
2/2
Виталий Бақтыбаев әріптестерімен
1/2
Виталий Бақтыбаев
2/2
Виталий Бақтыбаев әріптестерімен

Атап өтсек, жүргізуші Виталий Бақтыбаев бір жыл бұрын Ертіске секіріп, өз-өзіне қол салмақ болған қызды райынан қайтарып, құтқарған болатын. 


Жаңалықтар
0