Қоғам

Астанада сәби балабақшадан өз бетімен шығып, суға кете жаздаған

© Photo : Arek SochaБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балабақшаның заңсыз қызмет еткені анықталды

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Астанада жекеменшік балабақшаның екі жасар тәрбиеленушісі серуен кезінде өзенге батып кете жаздады. Елорданың білім басқармасының берген мәліметінше, балабақша мемлекеттік тіркелмеген заңсыз мекеме болып шықты, деп хабарлайды Elorda Info.

"Біз осы балабақшадағы деректерді тексердік. Анықталғаны, ол балабақша мемлекеттік тіркеуден өтпеген екен. Яғни көлеңкелі кәсіп болған", — дейді білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Сондай-ақ, Асанова атап өткендей, ата-аналар баласын жекеменшік балабақшаға бермей тұрып, аталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің лицензиясы бар ма, жоқ па – соны тексеру керек.

Балалар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырауда теріс діни ағымда жүргендер балабақша ашып жатыр

Естеріңізге сала кетсек, 17 сәуір күні Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару командасының құтқарушысы Ерден Қабылтаев Есіл өзенінің қарсы бетіндегі жағалауда суға түсіп кеткен сәбиді көзі шалып, дереу хабар береді. Нәтижесінде, кезекші құтқарушылар тобының жетекшісі Жалғас Сәрсембаев баланы құтқару үшін суға сүңгиді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша,  сәби тұншығып қалғанымен, құтқарушы дер кезінде әрекет етіп, баланы суға батып кетуден аман алып қалған.

Кейінірек анықталғандай, сәби серуендеп жүріп, ойылған мұз астына түсіп кеткен.

Құтқарылған соң бірден ауруханаға жеткізіліпті. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңалықтар
0