Қоғам

"Алма ТВ" мүлкіне салынған бұғау тұтынушыларға қалай әсер етеді?

© Photo : Vidmir Raic Теледидар
Теледидар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"АлмаТел Қазақстан" мүлкіне бұғау салынуына қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. "АлмаТел Қазақстан" компаниясы мүлкінің біраз бөлігіне бұғау салынуына қатысты пікір білдірді.

Құжат салынған папкалар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алма ТВ-ның ақшасы мен мүлкіне бұғау салынды

Компания атап өткендей, мүлкіне бұғау салынуы туралы мәліметті Қазақстан қор биржасындағы ақпарат тарату жөніндегі жалпы ережелерге сай компанияның өзі жариялады.

Бұл ахуал екі шаруашылық жүргізуші субъект арасында туындаған дау салдарынан қалыптасты. Сот процесі кезеңдерінің бірінде компанияның кей мүлкіне бұғау салынған, ал компанияның негізгі құны бұл сомадан әлдеқайда көп, деп хабарлайды "АлмаТел Қазақстан".

"Компания бұл жайттың тез арада реттелетініне сенімді. Бұл ахуал "АлмаТел Қазақстан" тұтынушыларына ұсынылатын қызмет көрсетулерге еш әсерін тигізбейді. Компания штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді", — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Қазақстанның қор биржасы 12 сәуірде компания мүлкіне 2 миллиард 180 миллион 388 мың теңге көлемінде бұғау салынғаны туралы мәлімдеді. 

Алматы сотының берген дерегіне жүгінсек, компания шетелдік орындаушылардың әндерін Muzlife және Muzzone телеарналары арқылы заңсыз пайдаланғаны үшін екі миллиард теңгеден астам ақша төлеуге міндеттелген.


Жаңалықтар
0